АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Күн тәртібі бойынша төмендегі баяндамалар тыңдалды:

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаты» – мектеп директоры Ш.Тұрсынбаева, Д.Исмаилова

«Мектеп пен ата-ананың адал азамат тәрбиесіндегі ынтымақтастығы: жүйелі тәрбие жұмыстары» – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Әрметова

«Сыныптағы жағымды ахуал – қолайлы орта мен тұлға дамуының негізі» – сынып жетекшілер

«Ата-аналар қауымдастығы – саналы тәрбие мен ортақ бастамалар» – мектеп ата-аналар кеңесі төрағасы Р.Әтамбердиев

«Мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы» – мектеп ата-аналар кеңесі төрағасы Р.Әтамбердиев

Жиналыс барысында ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің рөлі, қауіпсіздік ережелері, буллингтің алдын алу, саналы тәрбие және «Адал азамат» бағдарламасының негізгі бағыттары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Ата-аналар комитетінің жаңа төрағасы сайланып, 2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Барлық ата-аналарға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз!
https://www.facebook.com/100033431800702/videos/pcb.1491800521944327/1118051746965916?locale=ru_RU