31
тамыз
2022
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектепте 31 тамызда онлайн түрде, zoom платформасы арқылы ата-аналар жиналысы өтті.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектепте 31 тамызда онлайн түрде, zoom платформасы арқылы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп директоры, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары , ата-аналар кеңесінің төрағасы ата-аналар қатысты.
1. Мектеп ата-аналар кеңесінің 2022/2023 оқу жылына арналған жоспары туралы мектеп директоры Ш. Турсынбаева, ата-аналар кеңесінің төрағасы Ш. Шамшиметов баяндама жасады.
2. Мектепте 2022/2023 оқу жылындағы оқыту жүйесіндегі өзгерістер әдістемелік нұсқаулық хат негізінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д. Исмаилова, З. Юлдашева сөз қозғады.
3. Мектепте оқытудың дәстүрлі режимінде санитарлық талаптарды сақтау, оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Эрметова баяндама жасап, түсіндірді.
4. “Ата-ана, бала мен мектеп арасындағы байланысты нығайту “ атты тақырыпты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Эрметова баяндама жасап, түсіндірді.
5. Түрлі (мектеп формасына қайта бекіту туралы), білім беру ұйымы мен ата-ана (өзгеде заңды өкілінің ) арасындағы келісім шарт қабылдау туралы мектеп директоры Ш. Турсынбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Эрметова түсіндіріп, талқылады.
Жиналыс соңы кері байланыспен аяқталды. Жиналыста ата-аналар осы оқу жылына қатысты біршама өзгерістермен танысып, өз сұрақтарына жауап тапты.

