«Өзбек халқының тілі, мәдениеті және дәстүрлері мерекесі» өтті » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өзбек халқының тілі, мәдениеті және дәстүрлері мерекесі» өтті
22
қыркүйек
2025

«Өзбек халқының тілі, мәдениеті және дәстүрлері мерекесі» өтті

✨ «Өзбек халқының тілі, мәдениеті және дәстүрлері мерекесі» өтті ✨
      2025 жылдың 20 қыркүйек күні сағат 10:00-де Шымкент қаласының Орталық демалыс бағында Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Достық» қауымдастығының 30 жылдығы аясында ауқымды мәдени іс-шара – «Өзбек халқының тілі, мәдениеті және дәстүрлері мерекесі» салтанатты түрде өткізілді. 🎉
        Мереке барысында өзбек халқының бай мәдени мұрасы, тілі мен дәстүрлері кеңінен насихатталып, қонақтарға этномәдени көрмелер, ұлттық әндер мен билер, сондай-ақ қолөнер туындылары ұсынылды. 🎶🖼️
      📚 Сонымен қатар Шымкент қаласындағы бірқатар орта білім беру мекемелерінің кітапханаларына көркем әдеби кітаптар тарту етілді. Бұл – жас ұрпақтың білімге құштарлығын арттырып, олардың рухани дамуына үлкен үлес қосатын игі бастама болды.
    📰 Іс-шараға «Оңтүстік Қазақстан» және «Әдебиет және өнер» газеттерінің редакциялары қатысып, ақпараттық қолдау көрсетті.
     Бұл мереке – халықтар достығының, мәдениеттер тоғысының және ел бірлігінің жарқын көрінісі болды.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив