Қазақ мен Өзбек тілі апталығы басталды » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ мен Өзбек тілі апталығы басталды
16
қыркүйек
2025

Қазақ мен Өзбек тілі апталығы басталды

Қазақ мен Өзбек тілі апталығы басталды
     Шымкент Қаласының Білім Басқармасына қарасты  Жүз Он Екінші Мектебінде Қазақ тілі мен Өзбек тілі апталығы басталды. Апталық 16–30 қыркүйек аралығында өткізіледі.Бұл мерекелік апталық – достықтың, татулықтың, мәдениет пен руханияттың жарқын көрінісі болды.
    Оқушылар ұлттық ойындар ойнап, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақ шешу арқылы өздерінің зеректігін, білімін көрсетті.
    🍲Дәстүрлі ас мәзірі ұсынылып, бауырсақ пен құрт таратылды. Бұл тағамдар – халқымыздың кең пейілін, дастарқан берекесін айшықтады.
    🎶 Шара барысында шырқалған патриоттық әндер жас ұрпақтың жүрегінде елдік рухты оятты.
   🏛️ Арнайы ұйымдастырылған шағын музей бұрышы тарих пен мәдениеттің тереңінен сыр шертетін құндылықтарды паш етті.
✨ Бұл апталық оқушылардың бойына ұлттың рухани байлығын дарытып қана қоймай, көпұлтты еліміздің татулығы мен бірлігін сезінуге мүмкіндік берді.
📌 Тіл – халықтың жаны, мәдениет – елдің айнасы. Осындай шаралар арқылы жас буын өз тамырын танып, болашаққа сеніммен қадам басады.

https://www.facebook.com/100033431800702/videos/pcb.1487583655699347/826392343391580?locale=ru_RU
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив