«Өзбек халқының тілі, мәдениеті және дәстүрлері мерекесі» өтті » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өзбек халқының тілі, мәдениеті және дәстүрлері мерекесі» өтті
22
қыркүйек
2025

«Өзбек халқының тілі, мәдениеті және дәстүрлері мерекесі» өтті

«Өзбек халқының тілі, мәдениеті және дәстүрлері мерекесі» өтті       2025 жылдың 20 қыркүйек күні сағат 10:00-де Шымкент қаласының Орталық демалыс бағында Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Достық» қауымдастығының 30 жылдығы аясында ауқымды мәдени іс-шара – «Өзбек халқының тілі, мәдениеті және дәстүрлері мерекесі» салтанатты түрде өткізілді. 🎉
        Мереке барысында өзбек халқының бай мәдени мұрасы, тілі мен дәстүрлері кеңінен насихатталып, қонақтарға этномәдени көрмелер, ұлттық әндер мен билер, сондай-ақ қолөнер туындылары ұсынылды. 🎶🖼️
      📚 Сонымен қатар Шымкент қаласындағы бірқатар орта білім беру мекемелерінің кітапханаларына көркем әдеби кітаптар тарту етілді. Бұл – жас ұрпақтың білімге құштарлығын арттырып, олардың рухани дамуына үлкен үлес қосатын игі бастама болды.
    📰 Іс-шараға «Оңтүстік Қазақстан» және «Әдебиет және өнер» газеттерінің редакциялары қатысып, ақпараттық қолдау көрсетті.
     Бұл мереке – халықтар достығының, мәдениеттер тоғысының және ел бірлігінің жарқын көрінісі болды.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив