04
қараша
2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Дені сау ұрпақ-ел болашағы" тақырыбында волейбол жарысы
03.11.2021 күні Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы No 112 жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Дені сау ұрпақ-ел болашағы" атты АӘД пәнінің жетекшісі Х.Турдиматовтың ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті. Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорт арқылы қоғамды белсенділікке шақыру. Жарысқа мектеп қызметкерлерінен "Бүркіт" командасы," Барыс" командасы, "Бірлік" және "Сұңқар" командалары қатысты.Жарысқа қатысқан команда намысы үшін барын салып, белсенділік таныта білді. Жарыстың қорытындысы бойынша "Бүркіт" командасы 1-орын.
"Бірлік" командасы 2-орынға,
"Барыс" командасы 3-орынға ие болды. Жеңімпаз командалар мектеп әкімшілігі тарапынан кубок, грамоталармен марапатталды. Жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы сайыстарда да зор жетістіктерге жетіп, жеңіс тұғырынан көріне берсін демекпіз!