Қыз инабаттылығымен әдемі » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №112 имени Б.Садыкова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
12
март
2025

Қыз инабаттылығымен әдемі



Қыз инабаттылығымен әдемі
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы қарасты Жүз Он Екінші Мектебі Даналық мектебінің жобасы аясында “Заң және тәртіп” айлық іс-шарасының жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 11 февраль күні мектебімізде ерекше жиын өтті. Бұл басқосу “Қыз инабаттылығымен әдемі” тақырыбында ұйымдастырылып, оған мектебіміздің қыздары, сондай-ақ өнегелі өмірімен үлгі болып жүрген әжелер мен жеңгелер арнайы шақырылды.
Кездесу барысында қазақ қыздарының инабаттылығы, сыпайылығы мен тәрбиесі, отбасылық құндылықтар, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды ұлттық тәрбие мәселелері талқыланды. Жиын барысында әжелер мен жеңгелер өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қыздарға адамгершілік, әдептілік, ибалық жайында өнегелі әңгімелер айтып, ақ баталарын берді.
Бұл шара қыздардың бойында әдептілік пен инабаттылықтың, ұлттық құндылықтарға деген құрметтің артуына зор ықпал етті. Осындай мәні терең, тағылымы мол кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив